Алдағы үш күн Атырау облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Алдағы үш күн Атырау облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Атырауда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 5-7 маусым күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты аптап ыстық болады. Осы күндері Атырау қаласында да 37-39 градус ыстық күтіледі.