Нұр-Сұлтанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
фото: ашық дереккөз
Елордада ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды  қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Бірінші оңалту орталығы Болат Өтемұратов қорымен бірлесіп ашылып отыр. Орталықта аутизм диагнозы бар балалармен жұмыс жүргізіледі. Орталықтың ашылуы аутистік спектрдегі ауытқуы бар балаларды 50%-дан көбірек қамтуға мүмкіндік береді.    width= «Екінші оңалту орталығы да осы орталық орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінің (Уәлиханов, 23) бірінші қабатында орналасқан. Орталық күніне 200 келушіге дейін қабылдай алады. Онда БЦП, аутизм және басқа да аурулары бар ерекше күтімді қажет ететін балалармен айналысатын болады», - делінген әкімдіктің Инстаграм парақшасындағы хабарламасында. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық маньеж құрылысы басталып кеткен. Жаңа ғимараттардың бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар) ашылуда. Инватакси саны екі есе өскен.    width= Жастар сарайы ғимаратындағы ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін қолжетімді болатын бассейнге де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.