Қызылорда облысында жанармай сақтайтын қойма өртенді
Қызылорда облысында жанармай сақтайтын қойма өртенді
фото: ашық дереккөз
181
оқылды
Қызылорда облысында жанармай сақтайтын қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сырдария ауданына қарасты жергілікті «Бесарық» ЖШС аумағындағы жанармай сақтайтын қоймадан өрт шықты. «Қойма ішінде сыйымдылығы 9 тоннаны құрайтын 6 ыдыста тұрған 2 тонна солярка, 1 тонна бензин және 400 литр автол жанған. Өртке қарсы қызмет бір сағаттай уақыт ішінде жалыынның бтін қайтарды. Өртке қарсы қызмет мамандары келгенге дейін бір маманның аяқ-қолын күйік шалған. Серіктестікте жанармай құюшы болып еңбек ететін 28 эастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Өрттің орын алу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Бұдан бұрын Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігінің өртеніп кеткендігі хабарланған болатын.