Танымал қазақстандық каскадер, актер пневмониядан қайтыс болды
Танымал қазақстандық каскадер, актер пневмониядан қайтыс болды
Мұрат Мұқашев. Фото: DOS MEDIA PRODUCT
456
оқылды
Алматыда пневмониядан Nomad Stunts командасының танымал актеры және каскадеры Мұрат Мұқашев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты марқұмның досы әрі әріптесі Ерден Телемісов Facebook-те хабарлады. Оның айтуынша, Мұрат Мұқашев бір аптадай ауырған. Ол 5 шілдеде таңертең қайтыс болды.    width=
"Сене алар емеспін. Бүгін түнде бауырымыз қайтыс болды. Соңғы үш күнде оның қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған. Пневмония. Кеше таңертең оны ауруханаға алып кетті. Бүгін таңертең сағат 07.10-да көз жұмды. Өтініп сұраймын, үйіне бармаңыздар", - деп жазды Телемісов Facebook-те.
Мұрат Мұқашев 1968 жылы Алматыда дүниеге келген. Индустриялық техникумды (1983-1987 жылдары) тәмамдаған. Қиыр Шығыста әскерде болған (1987-1989 жылдар). Кино индустриясына бала кезінде келген. Үш жасында ол "Ақ автомобиль" ("Алпамыс мектепке барады" фильмінің тарихы) кинофильмінде эпизодқа түскен.
 width=
Сондай-ақ, ол "Мой дом на зеленых холмах" (ҚСРО, 1985), "Омпа" (1998), "Обратная сторона" (2009), "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (2010), "Айша" (2011), "Марко Поло" (АҚШ, 2014), "Весь мир у наших ног" (2015) және "McMafia" (США, 2017) фильмдеріне түскен.
 width=