Зульфия көршілеріне сый жасады
Зульфия көршілеріне сый жасады
5,153
оқылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында және Жастар жылына орай өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті. Оған белгілі кәсіпкерлер мен танымал спортшылар да ықпал етуде. Жүзу спортынан Рио-де - Жанейро Паралим­пиада ойындарының және әлем чемпионы Зульфия Ғабидуллина облыс орталығындағы «Жансая» шағын ауданнан, көпқабатты тұрғын үйлердің алдынан әмбебап спорт алаңшасын ашты.

Алаңның көлемі 6х20 шаршы метрді құрайды. Спорт алаңшасы үшін 4 миллион теңге қаражат жұмсалған. Бұл игілікті іске Jas projekt жобасының облыстағы жетекшісі Мамыр Асатуллаев та қолдау көрсетіпті. Мұнда бас­кетбол, волейбол, шағын футбол ойнауға, жеңіл атлетика түрле­рімен шұғылдануға мүмкіндік бар. Бір мезгілде 25 бала қалаған спорт түрімен айналыса алады. Аталған спорт алаңшасының ашылу сал­танатында қала әкімінің орын­басары Кенжебек Олжабай сөз сөйлеп, Елбасы мақаласының «Ту­ған жер» жобасына үлес қосып отырған Зульфия Ғабидуллинаға зор алғысын білдірді. Сондай-ақ ол көпшілікті жаңа алаңшаның ашылуымен құттықтады. Мұнан соң облыс әкімдігі дене­шынық­тыру және спорт басқар­масының басшысы Нұрбол Жүнісбеков өзінің тарапынан сыйлықтар ұсынды. Паралим­пиада ойында­рының чемпионы Зульфия Ғаби­дул­лина балаларға тарту жаса­ғанына қуанышты екенін айтып, тұрғындардан спорт алаңшасын күтіп ұстауды өтінді. Келесі сәтте сөйлеген қала тұр­ғыны Гүлімхан Байтоқова мұндай алаңшаның балаларға көптен бері қажет бо­лып жүргенін сөз етіп, балаларға жанашырлығы үшін чемпионға алғысын білдірді. Спорт алаңша­сының ашылуына арналған лен­таны қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, облыс әкім­дігі денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков, спортшы Зульфия Ғабидуллина қиды. Мұнан соң спорт алаң­шасында балалардың алғашқы ойыны басталып та кетті.

– Бүгін біздің аулада өте игі­лікті шара жүзеге асып жатыр. Балаларға арналған спорт алаң­шасы ашылғаны – үлкен қуаныш. Біз мұндай жанашырлықты ұзақ жылдан күтіп жүргенбіз. Міне, Елбасының «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Осы жұмысқа үлес қосқан барлық аза­матқа алғыс айтамыз, – дейді ауылдастарының атынан сөз алған «Жансая» шағынауданының тұр­ғыны Алдаберді Қандыбаев.

 

Тараз қаласы