Бауыржан Байбек елорда күнімен құттықтады
Бауыржан Байбек елорда күнімен құттықтады
фото: ашық дереккөз
163
оқылды
"Нұр-Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елорда күнімен құттықтап, Тұңғыш Президент, Елбасының жасампаз істеріне тоқталды. Бұл туралы ол instagram-да жазды. "Құрметті достар! Баршаңызды үлкен мереке астанамыз – Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын! ⠀ Биылғы бұл мерекенің орны да, жөні де бөлек. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жасқа толу мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. ⠀ Қазақ елінің Тәуелсіз даму кезеңіне тыңнан жол салған Нұрсұлтан Назарбаевтың істері үлгіге, өмір жолы өнегеге толы. Оны екі ауыз сөзбен тізбелеп шығу тіпті де мүмкін емес. Мен бүгін солардың ішінен ең негізгі, ел ертеңіне мәңгілік қызмет ететін жеті тарихи ісін бөліп атағым келеді. ⠀ – Елбасы – Тәуелсіздіктің ту ұстаушысы болып, жаңа, азат Қазақстанның негізін қалады. ⠀ – Елдің шекарасын шегендеп, бекемдеді, төрткүл дүниеге танытып, мемлекетімізді алпауыт елдерге мойындатты. ⠀ – Ел астанасын Алатаудан Арқаға көшіріп, Есіл бойында еңселі елорда тұрғызды. ⠀ – Ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жауып, Қазақстанды бейбітсүгіш елдер қатарына қосты. ⠀ – Елде тұрақтылық пен тыныштықты сақтап, ел халқының бірлік пен ынтымақ аясында дамуына жол ашты. ⠀ – Ел экономикасын еселеп, реформа жүргізіп, Қазақстаннның түкпір-түкпірін шетелмен байланыстырған күре жол салды. ⠀ – Тағдыр тәлкегімен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашыраған сырттағы қазақтың басын Атажұртта қосып, миллионнан астам қандастың отанына оралуына мүмкіндік жасады. Қазақтың үлесін арттырып, санын көбейтті. Ана тілінің адымын ашып, мемлекеттік мәртебе әперді, ата дәстүрді жаңғыртып, төл тарихымызды тірілтті. ⠀ Осылайша кемеңгер тұлға Қазақтың «Мәңгілік ел» мұратын іске асыруына мызғымас негіз қалады. ⠀ Осынша орасан істі халқының қолдауымен талмай атқарған Елбасы – ел данасы, кемеңгер абызы, әлемдік деңгейде мойындалған саңлақ саясаткер. Іргелі істер мен тұлғалық болмысты қастерлеу – бүгінгі күннің де, болашақтың да еншісінде. ⠀ «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген елміз. «Таулар алыстаған сайын асқақтай түседі» дегендей, Елбасының ерен еңбегін шын бағалайтын болашақ ұрпақ болмақ. ⠀ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ақ тілекпен құттықтай отырып, мықты денсаулық, сарқылмас қуат, берекелі ұзақ өмір тілейміз. Қара орман халқымыздың алда көрер жақсылықтары көп болсын!", -деді Бауыржан Байбек.