Елорда тұрғындары дәріханалардағы баға бойынша қайда шағымдана алады?
Елорда тұрғындары дәріханалардағы баға бойынша қайда шағымдана алады?
фото: ашық дереккөз
167
оқылды
Бас қала тұрғындары дәріханалардағы баға бойынша шағымдана алады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне байланысты қайда шағымдануға болатынын айтты. "Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", - деп жазды Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында. Еске салайық, Мемлекет басшысы бүгін Twitter-дегі жазбасында қазақстандықтардың дәріханалардағы бағаға қатысты шағымы орынды екенін айтты. Соған байланысты Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеуді тапсырған болатын.