Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтырғандар тіркелген бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство өкілінің хабарлауынша, бүгінде ондай оқиғалар болған жоқ. Алайда ауруханадан шыққаннан кейін екі апта ішінде ПТР тесілеу тағы оң нәтиже көрсетіп, науқас қайта ауруханаға жатқан бірнеше дерек тіркелген.