Алтын маскаға тапсырыс берген
Алтын маскаға тапсырыс берген
фото: ашық дереккөз
154
оқылды

Үндістанда ер адам коронавирустан қорғану үшін 4 мың долларға алтын маска сатып алды. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

Үндістандағы Махараштра штатының тұрғыны Шанкар Кураде күміс бетперде киген адамды көрген соң, алтын маскаға тапсырыс берген.

"Сол сәтте алтын маска туралы ой келді. Мен өзім алтын бұйымдарды жақсы көремін. Неге алтын бетперде тақпасқа деп ойладым. Содан кейін жергілікті зергерге тапсырым бердім", - деді Кураде.

Оның сөзінше, бетпердеде тыныс алуға арналған саңылау бар екен. Ерекше қорғаныш құралының салмағы 2,5 келіге жуық, бағасы – шамамен 3 870 АҚШ доллары (1,5 миллион теңгеден асады). Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 648 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 400 мыңға жуығы жазылып шықты, 18 мыңы қайтыс болды.