Әбіш Кекілбайұлының зайыбы Клара Жұмабайқызы өмірден өтті
Әбіш Кекілбайұлының зайыбы Клара Жұмабайқызы өмірден өтті
фото: ашық дереккөз
217
оқылды
Жазушы Әбіш Кекілбайұлының өмірлік серігі Клара Жұмабайқызы дүние салды. Қаралы хабарды ақын Оңайгүл Тұржан әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді. «Әбіш Кекілбайұлының зайыбы Клара апа Жұмабайқызы өмірден өтті. Алдыңғы күні ғана сөйлескенімде «ауруханада жатырмын, қызуым түсті, жақсымын» деген. Дауысы да ширақ еді. Жақсы болмады. Ауруханада ем дұрыс емес пе, не болып кетті өзі?»,  деп жазды ақын Facebook парақшасында. Клара Жұмабайқызы 1941 жылы туған. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы екеуі 51 жыл 8 ай бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешкен. Жазушы 2015 жылы өмірден өтті.