Коронавирустан қайтыс болғандарды жасырып қалу мүмкін емес – Ералы Тоғжанов
Коронавирустан қайтыс болғандарды жасырып қалу мүмкін емес – Ералы Тоғжанов
Фото: Интернеттен алынды
206
оқылды
«Бүгінде ешкім ештеңені жасырайын деп отырған жоқ. Әсіресе, қайғылы жағдайға апаратын дүниенің бәрін жасыру мүмкін емес қой. Сондықтан оның бәрі қаралады, баға беріледі. Бұл – бір. Екіншіден, осы эпидемиологиялық ахуалға, коронавирусқа байланысты әр облыстың жағдайы күнде таңертеңгі 9-00-де штабта арнайы қаралады. Оның ішінде облыстағы жағдай, сол облыстағы аудан не болмаса ірі компаниядағы жағдай қаралуы мүмкін», – деді Ералы Тоғжанов.  
Оның айтуынша, бүгін мәселен, Атырау облысы арнайы қаралған. Өйткені бұл облыста бір тәулікте 371 адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – Қазақстан өңірлері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. «Соған байланысты 5 аудандағы, оның ішінде ТШО сияқты компаниядағы жағдай терең талданып, елге жеткізіліп отыр. Сондықтан бір де бір жағдайды жасырып қалу мүмкін емес. Оның ешкімге қажеті де жоқ. Мемлекет ашық қарап, елге жеткізеді. Ол халық үшін, елдің болашағы үшін керек», – деді Ералы Тоғжанов.