Грузия Нұр-Сұлтандағы ауруханаларға жасанды тыныс алдыру аппараттарын жіберді

Грузия Нұр-Сұлтандағы ауруханаларға жасанды тыныс алдыру аппараттарын жіберді

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді. Қазақстан СІМ достас Грузия халқына коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді» делінген ресми хабарламада.