Димаш Досанов: Он жылдан соң даулы мұнайды қайтарып алдық
Димаш Досанов: Он жылдан соң даулы мұнайды қайтарып алдық
5,209
оқылды

Биыл «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында «Омск-Павлодар» магистральдық мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару жұмыстары аяқталды.

Бұл рәсімдер 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен  Ресей Федерациясының Энергетика министрі  Александр Новак қол қойған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Технологиялық мұнайдың статусын айқындау туралы келісімде тіркелді. Келісімді 2018 жылы  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы бекітті.

Келісімнің ережелері бойынша  62 048 тонна көлемдегі технологиялық мұнайды қайтару былай жүргізілді:

 1) ТОН-2 мұнай құбырындағы 62 048 тонна мұнайға меншік құқығы  «ҚазТрансОйл» АҚ-қа берілді;

 2) оның орнына «Омск-Павлодар» магистральдық мұнай құбырындағы тап сондай  62 048 тонна көлемдегі мұнайға меншік құқығы «Транснефть» ЖАҚ-қа берілді.

Технологиялық мұнайдың қалған көлемін,  79 680 тонна,«ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ2019 жылғы 10-21 шілде аралығындағы кезеңде топ-топпен РФ аумағынан ҚР аумағына ығыстырды. Нәтижесінде, «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесінде қалып қойған «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық мұнайының бүкіл көлемі,  141 728 тонна, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры жүйесіне қайтарылды.

– «ҚазТрансОйл»  және «Транснефть» компаниялары он жылдан астам созылған жұмысты аяқтады, – деді «ҚазТрансОйл»  АҚ бас директоры Димаш Досанов.

– Мұнайды ығыстыру жұмыстарының аяқталуы «ҚазТрансОйл» АҚ-қа заң жүзінде бұрын даулы болған 141 728 тонна мұнайдың меншікті иесі болуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды біздің компания  мұнай тасымалының технологиялық барысында пайдаланады.