Балқаш қалалық полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісін анықтаған. Хабарландыру жариялаған парақшаның авторы «Антарис» дәрілік препаратын сатумен айналысқан. Бұл препарат қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге арналған. Белгілі болғандай, дәрі-дәрмектерге лицензия болмаған және олар дәрігердің рецептісіз сатылып келген.
«Сатушы – Балқаш қаласының 49 жастағы тұрғыны. Полиция қызметкерлері оның интернет арқылы «Антаристың» 6 қаптамасын (180 таблеткасын) сатып үлгергенін анықтады», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ҚР ӘҚБК 424-бабы «Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет» бойынша әкімшілік соттың қарауына жіберілді.