Қырғызстан президенті Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Ұлт Көшбасшысының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Елбасы С.Жээнбековке құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі бауырлас ел арасындағы тарихи тұрғыдан қалыптасқан тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.