Дәрігер коронавирустан сақтану үшін тыныс алу жаттығуларының пайдасы мен зиянын айтты
Дәрігер коронавирустан сақтану үшін тыныс алу жаттығуларының пайдасы мен зиянын айтты
Фото: Интернеттен алынды
141
оқылды
«Кез келген адам коронавирус вирусты, яғни жұқпалы процесс екендігін ұмытпауы тиіс. Әрине, жұқпалы процесс кезінде өкпеде, жалпы ағзада әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін. Жалпы, тыныс алу жаттығулары тиімді. Бірақ, жедел кезең аяқталғаннан кейін ғана. Кез келген инфекциялық аурулардың жедел кезеңіндегі тыныс алу жаттығуы немесе басқа да физиотерапиялық әдістер тек зиянын тигізеді», – деді Баян Тұрдалина.
Дәрігердің айтуынша, тыныс алу жаттығуын науқас стационарда негізгі емін алып болып, үйіне жіберілгеннен кейін ғана жасауы қажет. «Бұл жаттығулардың өкпе қызметін қайта қалпына келтірудегі маңызы өте зор», – дейді дәрігер.