Жеңіс Қасымбек: Жер мәселесі жеке қаралады
Жеңіс Қасымбек: Жер мәселесі жеке қаралады
195
оқылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі елдегі жер мәселесін талқылайды.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторийі мәселесін арнайы атап өтті.

– Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды. Мәселені қоғам болып талқылау үшін өңірлерге сапар кестесі бекітілді. Биыл жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылады, – деді Жеңіс Қасымбек.