Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан 21 адам ұсталды
Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан 21 адам ұсталды
© сурет интернеттен алынды
222
оқылды
Еліміздің барлық өңірінде дәрілік заттардың заңсыз саудасының алдын алуға бағытталған рейд өткізіліп, 21 адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 5 шілде күні карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, респираторлы-вирустық ауруларды емдеуге арналған препараттарды жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау үшін барлық өңірде рейд жүргізілген.
«Рейдтік іс-шаралардың бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді. Олардан 3500-ден астам дәрілік зат тәркіленді. Оның ішінде 2100 қорап Ацетилсалицил қышқылы, 589 қорап Парацетамол, 230 ампула Цефтриаксон бар. Сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құрал (300 литр) тәркіленді», - делінген хабарламада.
Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. «Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған азаматтарды, сондай-ақ мұндай фактілер анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе 102 және 112 телефондары арқылы хабарлауға шақырады. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда», - деп хабарлады министрлік.