Браконьерлердің қолынан мерт болған инспектордың артында төрт баласы қалды
Браконьерлердің қолынан мерт болған инспектордың артында төрт баласы қалды
5,201
оқылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың артында төрт баласы қалды.

Қаныш Нұртазинов 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қоскөл ауылының тұрғыны. 2016 жылдың 5 қаңтарында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК жұмысқа тұрған. Оның артында әйелі, үш қызы және 2011 жылы туған ұлы қалды.

Жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасап жатыр.