Алматыда күн сайын 100-ге жуық адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы онлайн-брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.
Сағынтаев 1 қыркүйекке дейін қалада төсек-орын санын 6 мыңға дейін арттыру жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ ол ауруханағадағы коронавирусқа шалдыққандардың жағдайын баяндады."Бүгінде 113 жаңа жағдай тіркелді, 64 адам жансақтау бөлімінде жатыр. 24 науқастың жағдайы өте ауыр, 349 адамның жағдайы ауыр. 1264 адамның халі орташа. 135 адамдікі қанағаттанарлық", - деді қала әкімі.Оның айтуынша, қалада коронавируспен күресу үшін 4232 орынға арналған 19 стационар жұмыс істеп тұр. Апта соңына дейін урология ғылыми орталығы базасында тағы 150 адамға арналған стационар ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, "Халық арена" базасында стационар ашылады. Оның алғашқы 200 төсек-орны осы аптаның соңында пайдалануға берілмек.