Алматыда дәрі-дәрмекті жаппай сатып алушылар ұсталды

Алматыда дәрі-дәрмекті жаппай сатып алушылар ұсталды

Алматы полициясы рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған екі адамды ұстады.

«Өткен түнде ПД жедел бөлімінің қызметкерлері рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған екі адамды анықтады. Олардан «Ингавирин», «Тамифлу» және «Парацетамол» дәрілері тәркіленді. Бұл факт бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі елімізде рейд шараларын өткізіп жатыр. Тексерудің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.