Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас гинеколог маманы Елена Уварова хабарлады. Оның айтуынша, COVID-19 ұрықтың белсенділігін 38%-ға азайтады.
«COVID-19 індетіне байланысты, әсіресе, еркектердің бедеулігі бойынша мәселе туындап отыр. Коронавирус жұққан азаматтардың ұрық сапасы шамамен 38%-ға төмендеді. Ал Ресейдегі ер-азаматтардың ұрығы онсыз да жақсы емес еді» дейді ол.Сонымен қатар, ғалымдар бұған дейін коронавируспен бір ауырып тұрған әйелдердің де денсаулығына әсері болуы мүмкін. Бұл вирус ағзаға ACE2 ақуызы арқылы кіреді. Сөйтіп, көбіне шоғырланатын несеп-жыныс жүйесі органдарына зақым келтіреді. Ал ACE2 ақуызы – әйел ағзасындағы аналық жасушаның жетілуіне, бала көтеру мен эмбрионның дамуына ең қажетті нәрсе.