Түркістанда «аскорбин қышқылын» 5 000 теңгеден сатылуда
Түркістанда «аскорбин қышқылын» 5 000 теңгеден сатылуда
©Сурет интернеттен алынды
166
оқылды
5 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шара өткізген. Нәтижесінде, дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе өсіріп қайта сатқан. Ондай деректер еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкерлер фискалдық чекті шығармастан дәрі-дәрмекті «сөреден» сатқан. Соның кесірінен адамдар дәріні қымбат бағаға алуға мәжбүр болған. Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы «парацетамол», «ингавирин», «цефтриаксон», «азитромицин» сияқты аса қажетті дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан. Сондай қылмыспен Нұр-Сұлтан қаласында бір ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттардың екі қорабы шыққан. Мәселен, Шымкентте «левомак» медициналық препаратын 12 000 теңгеге сатылса, «дексаметазон-аджио» препаратының ампуласын 5 000 теңгеден сатқан. Ал оның негізгі бағасы – 600 теңге. Түркістан облысында ер адам «аскорбин қышқылын» 5 000 теңгеден сатқан, оның негізгі бағасы – 250 теңге. Осыған ұқсас фактілер Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында анықталды.