Кентауда «Ұстаздар» аллеясы ашылды
Кентауда «Ұстаздар» аллеясы ашылды
©Сурет интернеттен алынды
775
оқылды
Бүгін «Ұстаздар» аллеясы да пайдалануға берілді. Ондағы орындықтар сызғыш, өшіргіш, бор секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Ал жарық шамдары қаламсап ретінде жасалды. Кітап қойылған ескерткіштің авторы - Нұрлыхан Ахпамбетов. Ол - сызу пәнінің мұғалімі. Әзір мұндай жоба елімізде жоқ. Сонымен қатар, Елорда күніне орай Түркістан облысының Кентау қаласында тағы бір нысан ашылды. Соның бірі – биыл 175 жылдығын ел болып атап өтіп жатқан Ұлы Абайдың ескерткіші. Оның биіктігі - 4 жарым, тұғыры - бес метр.  Ақыл-ой алыбының еңселі ескерткіші қала орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Авторы белгілі мүсінші - Бауыржан Жалын.