Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің сау тамтығы қалмаған 82 жастағы әжейді аман қалып қалды
Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің сау тамтығы қалмаған 82 жастағы әжейді аман қалып қалды
Фото: Интернеттен алынды
Қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген зейнеткер Галина Хрущеваға дәрігерлер пневмония диагнозын қойған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өкпесіндегі дерті асқынған әжейді ауруханаға 26 маусым күні жедел жәрдем жеткізген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің басым бөлігі зақымданғанын және қан кеткенін анықтаған. Жағдайының ауырлауына байланысты әжей төрт күннен кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілген. «Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы деп бағалаған. Дер кезінде көрсетілген ем-домның арқасында қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ол ауруханадан шығарылған. Егде жастағы науқас өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына ризашылығын білдірді» делінген басқарманың хабарламасында.