«Қайтуға асықпаймыз...» – Ресейден келген дәрігерлер кімдерді емдейтінін айтты
«Қайтуға асықпаймыз...» – Ресейден келген дәрігерлер кімдерді емдейтінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
188
оқылды
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік мамандар коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейді.
«COVID-19 коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл бірлескен іс-шаралар және Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде Ресей ТЖМ арнайы рейсімен 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігері келді. 32 адамнан тұратын топта эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер барі» делінген  министрліктің хабарламасында.
Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирус пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен достас халқына алғысын білдірді. Коронавируспен күреске көмектесу үшін Қазақстанға келген ресейлік делегация басшысы Ресей Денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гридневтің айтуынша, мамандар біршама уақыт Қазақстанда болады. Науқастарға көмек көрсетіп, қайтуға асықпайтындарын айтты.
«Ең алдымен пациенттерді амбулаторлық, госпитальдік кезеңде коронавирус инфекциясынан емдеу әдістерімізбен бөліскіміз келеді. Ресей Федерациясы талай қиындықты бастан өткерді. Бұл тәжірибемізді, пациенттердің жанын сақтап қалу, оттегімен қамтамасыз ету тәжірибемізді таратуға дайынбыз. Осында келген дәрігерлердің барлығы да мұндай дағдыны меңгерген әрі білімі де бар. Біз Қазақстандағы ахуалды түсініп, әріптестерімізден кеңесіп алуымыз қажет. Кетуге асығатын ойымыз жоқ, көмекке келдік», – деді Гриднев.