Танымал дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды
Танымал дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
400
оқылды
Қаралы хабарды Сенат депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде естіртті. Ол Instagram-парақшасында: «Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп, таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті. Екі жылдай бұрын жүрегіне ота жасатып, ауыр кеселді жеңіп, қатарға қосылып, әдетінше еңбекқор адамның тынымсыз тіршілігіне кірісіп кеткен еді. Қаншама өнерпазға костюм тігіп, қаншама адамды тігіншілік өнерге баулып, шәкірт тәрбиелеген ұстаз едіңіз! Нарықтың тілін меңгерген нағыз іскер азамат! Алматының Әуезов пен Тимирязев көшесін Беріктің шеберханасынсыз елестету, әсте, мүмкін емес еді! Сол көшенің жарқыраған шамы өшкендей бүгін... Бақұл болыңыз, Жақсы Адам!», - деп жазды. Берік Исмаилов – Қазақстанның сән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан кәсіби дизайнер.