Шымкенттік реабилитолог Айна Бакеевамен 40 минуттай сөйлесіп, Президентке айтқан ұсынысын түсіндім – Алексей Цой
Шымкенттік реабилитолог Айна Бакеевамен 40 минуттай сөйлесіп, Президентке айтқан ұсынысын түсіндім – Алексей Цой
Фото: Интернеттен алынды
158
оқылды
«Ем-домның күрделі әдісі бойынша өтінім жасаған дәрігер Айна Бакееваның хабарламасына қатысты бірнеше сұрақ келіп түсті. Бүгін онымен байланысқа шығып, 40 минуттай сөйлестім. Негізгі проблеманы, дәрігердің нені жеткізгісі келгенін түсіндім. Ол әлеуметтік желілерде, тіпті медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша да ем-домның түр-түрі тарап кеткеніне алаңдаушылық білдіріп жатыр. Ем-дом түрлерін әлеуметтік желілерде көріп алған адамдардың да ойы сан-саққа кетеді. Ал кейбір препараттар керісінше, денсаулықты нашарлатады. Сұрақтарға жауап тапқысы келетін мыңдаған адам Айна Бакееваға жүгінеді екен», – дейді Алексей Цой. Осы орайда ол Денсаулық сақтау министрлігі халыққа арналған кеңестерді ресми бекіткенін мәлім етті.
«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мамандармен бекітілген нақты ресми кеңестерді әзірледі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына жарияланады. Әлеуметтік желілер арқылы да халыққа жеткізіледі. Ол да (дәрігер Айна Бакеева) ем-дом хаттамасын өз ресурстары арқылы азаматтарға жеткізетінін айтты», – деді Цой.
Бұған  дейін Айна Бакееваның Президентке ұсыныс айтқанын жазған болатынбыз.