Бағдарлама жұмысымен танысты
Бағдарлама жұмысымен танысты
5,167
оқылды

«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Nur Otan партиясының аудандық филиалының қызметкерлері мен мониторинг тобы мүшелері Қостанай облысы Денисов ауданына қарасты Антонов ауылындағы су құбырын салу жұмысымен танысты.

– Сумен қамту жүйесі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Алайда су тарту жұмыстары белгіленген мерзімінен бұрын өткізілуде. Антонов және Алчанов ауылдарында біздің серіктестік жұмыс істейді. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары келер жы­лы аяқталады деп жоспарлан­ға­нымен, биыл аяқтауды мақсат етіп отырмыз, – дейді «Инсект» ЖШС мердігері Үсербай Асанбаев.

Денисов ауданында арнайы бұрғылау техникасы әкелінген. Бұл жолдағы асфальтты бұзбай, құбыр тартуға мүмкіндік береді. Арнайы бұрғылаушы үш метр жер астында траншея арқылы құбыр жібереді. Сонымен қатар жеке үйлерге суды қосуға мүмкіндік береді.

– «Құтты мекен» партиялық жоба­сының мақсаты – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысына партиялық бақылау жүргізу. Біз Антонов ауылына іссапар ба­рысында құрылыс нысандарына бақылау жүр­гіздік. Бюджет қара­жатының мақсатты жұмсалуына, құрылыс сапасына және мерзіміне мониторинг жасап, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу ма­ңызды, – дейді Nur Otan партиясы Денисов аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Айгүл Бектемісова.

Оның айтуынша, партиялық бақы­лау жүргізіп отыру арқылы салынатын жолдар мен құрылыстардың, тұрғын үйлердің сапалы болуын қамтамасыз ету көзделген. Сол арқылы коммуни­кация, өзге де әлеуметтік және инже­нерлік инфрақұрылымдарға уақтылы қол жеткізу мүмкін болмақ.

Су құбырын жүргізіп жатқан серік­тестік ұзақ жылдан бері бұл салада қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейін олар Сарыкөл, Мендіқара, Алтынсарин аудандары мен Көкшетау облысын тіршілік көзі – сумен қамтамасыз еткен. Қостанай, Қарағанды, Көкшетау мен өзге қалалардан арнайы мамандар шақыртылған.