Цой Қазақстанда коронавируспен күреске қанша миллиард қаржы бөлінгенін айтты
Цой Қазақстанда коронавируспен күреске қанша миллиард қаржы бөлінгенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
173
оқылды
Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді. «Олардың 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға. 2 миллиард 30 миллион дәрі - дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алуға. 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер сатып алуға бөлінген. 100 миллион теңге сатып алу қызметтері бойынша әзірлеу және шығару жиынтығы реагенттерді анықтау үшін жұмсалды. ПЦР әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша қызметтерге 13,7 миллиард теңге бөлінді. 310 миллион теңге тыныс алдыру аппараттарын алуға. 131 миллион теңге адамдарды эвакуациялауға. Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді. 19,5 миллиард теңге медициналық қызмет көрсетуге жұмсалды. Карантиндік іс-шараларды өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард теңге бөлінді. Инфекция жұқтырған науқастарды орналастыру үшін жылдам салынатын үш кешен құруға 14,8 миллиард теңге бөлінді», – деді министр онлайн-брифингте.