Алдағы үш күнде елімізде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады
Алдағы үш күнде елімізде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады
© сурет интернеттен алынды
366
оқылды
«Қазгидромет» РМК 7-9 шілде аралығында еліміз аумағында қандай ауа райы болатынын хабарлады. «Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр болады. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Шығыста қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Республика бойынша ауаның температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды. Ал батыста және оңтүстікте кей жерлерде қатты ыстық күтіледі», - делінген ақпаратта.