Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың өршуіне байланысты қазақстандықтарға үйден шықпауға кеңес берді, - деп хабарлайды коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссия.
"Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды үйде отыруға үндейді. Оқшаулану және басқа да профилактикалық шараларды сақтау коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейді", - делінген хабарламада.Айта кетейік, қазір Қазақстанда 49 683 адам коронавирус жұқтырды. 16298 науқас дертінен айықса, 264 адам қайтыс болды.