Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
118
оқылды
Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 8 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. 8 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Сол күні Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі. 8 шілдеде түнде және таңертең Көкшетауда найзағай ойнайды. 8-10 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.