Бурабайда жағажайлар карантинге жабылды
Бурабайда жағажайлар карантинге жабылды
174
оқылды
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің жағажайлары жабылды, деп хабарлайды «Хабар24».
«Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, «Бурабай» паркінің жағажайлары жабылды», - деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.
Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша енгізіліп отыр. «Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағу керек», - делінген хабарламада.