Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 180 адам ауыр жағдайда жатыр
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 180 адам ауыр жағдайда жатыр
© сурет интернеттен алынды
135
оқылды
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 180-ге жуық адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.
«Бүгінгі таңда 180-ге жуық адам ауыр жағдайда жатыр. Олардың ішінде 40 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты жетпейді. Аталған мәселені шешу үшін жергілікті әкімдік бюджетінен 200 дана өкпені жасанды желдету аппаратына, 500 оттегі концентратына және оған қажет 500 флоуметр мен 2 компьютерлік томографияға да тапсырыс берілді. Бүгінгі таңда 14 өкпені жасанды желдету аппараты келді», - деді ол.
Еске салайық, соңғы дерек бойынша Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан 61 науқас көз жұмды.