Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.