Ал бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жағдай шынында ушыққанын ашық айтып, видеоүндеу арқылы жанайқайын жеткізді. Қала басшысы тіпті күнде әркімнің бауыры, танысы немесе құдасы дүниеден өтіп жатқанын да жасырмады. Осы ретте қала әкімі барша тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, әр азамат ең бірінші өзі мен өз отбасын ойлауы керектігін баса айтты. https://www.youtube.com/watch?v=1NLfOgNDKpY
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы