Алматыда алыпсатарлардан дәрілер тәркіленді

Алматыда алыпсатарлардан дәрілер тәркіленді

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты өңір-өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы сезілуде. Осындай сәтті пайдаланып жеке бас пайдасын ойлағандар түрлі жолмен дәрі-дәрмекті сатуға шығарған жағдайлар орын алуда. Алматы полициясы алыпсатарлардан тағы бір партия дәрі тәркіледі. Бұл жолы алыпсатарлар Алматы қаласының Түрксіб ауданында ұсталды. Іс-шараны Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері іске асырды. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Д. есімді азаматшадан қымбат бағамен сатуды жоспарлаған 100 пакет «Гроприносин», балаларға арналған 105 пакет «Анаферон», ересектерге арналған 62 пакет «Анаферон», сондай-ақ 7 пакет «Ингавирин» тәркіленді.  Ұсталған әйелден мәміледен түскен, шамамен 1 миллион теңге алынды. Жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектер тәркіленді. Д. есімді азаматшаның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, жауапкершілік анықталады. https://www.youtube.com/watch?v=06FT9OK48ms

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ