Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде 2020 жылдың 8 шілдесінен бастап күші жойылғанға дейін Атырау станциясы бойынша жолаушылар пойыздары мен тікелей қатынайтын вагондардың келуі мен жөнелтілуі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
-
- № 41/42 «Атырау-Алматы-1» Атыраудан жөнелтілетін 09/07-20, Алматыдан-1 келетін/жөнелтілетін 11/07-20, Атырауға келетін 13/07-20;
-
- № 313/314 «Атырау-Маңғыстау» Атыраудан жөнелтілетін 08/07-20, Маңғыстаудан келетін/жөнелтілетін 09/07-20, Атырау қаласынан жөнелтілетін 10/07-20;
-
- № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызы Ақтөбе қаласынан жөнелтілетін 07/07-20, Атыраудан келетін/жөнелтілетін 08/07-20, Ақтөбеге келетін 09/07-20;
-
- 05/07-20 бастап Алматыдан жөнелтілетін, 08/07-20 бастап Құлсарыға келетін/жөнелтілетін, 11/07-20 бастап Алматыға келетін №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» және №313/314 «Атырау-Маңғыстау» жолаушылар пойыздарының құрамында тікелей қатынайтын «Алматы-2 - Құлсары» вагондары.