Дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға айыппұл салынады
Дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға айыппұл салынады
© сурет интернеттен алынды
120
оқылды
Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға айыппұл салынатынын айтты. «Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша министрлік қазіргі таңда мүлікті тәркілеуге, тіпті лицензияны қайтарып алуға дейінгі шараларды қарастырып жатыр. «Бір күннің ішінде бізде 426-бап бойынша екі әкімшілік іс қозғалды», - деді Алексей Калайчиди.