Гүлшара Әбдіхалықова: Әлеуметтік көмек алу үшін әдейі ажырасады
Гүлшара Әбдіхалықова: Әлеуметтік көмек алу үшін әдейі ажырасады
207
оқылды

Екі мыңға жуық қазақстандық заңсыз атаулы әлеуметтік көмек алған.

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, заңсыз көмек алғандар ақшаны мемлекетке қайтарып жатыр. Қайтармағандардың ісімен құзырлы органдар айналысады.

– Өкінішке қарай, елде жақсы бір іс қолға алынса, артынша-ақ соның арқасында пайда көріп қалғысы келетіндер табыла кетеді. Олар да жақсы көмек алғылары келеді. Кейде табыстарын жасырады, кейде жалған ажырасады, тағысын тағы, – деді Гүлшара Әбдіхалықова.

Қазір әлеуметтік көмек 240 мың отбасыға беріледі. Олар – жалақысы 42 мың теңгеден аспайтын отбасылар.