Елордада күніне 300 адам өкпенің қабынуымен ауруханаға түседі
Елордада күніне 300 адам өкпенің қабынуымен ауруханаға түседі
© сурет интернеттен алынды
131
оқылды
Елордада күніне 300 адам өкпенің қабынуымен ауруханаға түседі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
«Ресми ақпаратқа сәйкес, маусым айында өкпесі қабынған адамдар саны өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 2,2 есеге артты. Яғни, 1 700 пневмония жағдайы тіркелді. Күн сайын шамамен 200 адам ауруханаға түседі, соңғы күндері бұл цифр 300-ге де жетті. Сонымен бірге амбулаториялық кезеңде науқастар үйде ем-дом алып жатыр», - деді ол онлайн брифингте.
Еске салайық, соңғы дерек бойынша Нұр-Сұлтанда  5 894 адам коронавирус жұқтырса,  61 науқас көз жұмды.