Илья Ильин ауруханаға түсті
Илья Ильин ауруханаға түсті
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ауруханаға түсті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Ол ауруханаға жатуын коронавирус емес, аллергия алуымен түсіндірді.
"Қанша қаламасам да, ауруханаға түстім. Қазір бәрі ойдағыдай. Бізді қабылдағаны үшін дәрігерлерімізге рахмет! Көп рақмет. Қазір сіздерге өте қиын, біз жақсы түсінеміз! Қазір сіздерге үлкен үміт артып отырмыз, бүкіл Қазақстан халқының үміті бар! Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар", - деді Илья видеода.