Атырауда киікті мотоциклмен қуып, құлатқан
Атырауда киікті мотоциклмен қуып, құлатқан
©Сурет интернеттен алынды
185
оқылды
Бұл туралы Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың берген ақпаратына сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Егінқұдық ауылының тұрғыны мотоциклмен далада киікті қуып құлатқан. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде киіктің еті мен мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленген. Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.