Мурал Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы №28 үйде салынған. Оның авторы - Кристина Бекмұрзаева. Айтуынша, композиция астана күніне арналған. "Тұрғындардың өздері тұратын, сүйетін қалаға деген қарым-қатынасы туралы әңгімелейді. Мұның бәрі таза, көңілі пәк балалар бейнесі арқылы жеткіздік. "Бәйтеректің" символын бейнелеген кішкентай қыздың қолы тұрғындардың қалаға деген қатынасын, "Ұлы дала жүрегін" бейнелейді", - деді Кристина Бекмурзаева. Муралды жасап шығуға автормен бірге Али Закир, Ержан Танаев жұмыс істеді.