Бауыржан Байбек Абайдың өлеңін оқыды
Бауыржан Байбек Абайдың өлеңін оқыды
250
оқылды

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойына орай өтіп жатқан эстафетаға қатысты.

Инстаграмдағы парақшасында: «Абай – қазақ руханиятының айнасы, кемел дүниетанымының көрінісі. Абай мұрасы – ақылдың кені, сарқылмас рухани қазына. Ұлы ойшылдың қай туындысын алсаңыз да, салиқалы ой, салмақты тұжырымға тұнып тұр.

Ұлы Абайдың өсиет еткен ой-пікірлері, бізге мұра етіп қалдырған қара сөздері мен өлеңдері тағлымды мән-мағынаға толы, қазір де өзекті. Олардың негізгі түйіні бірлік, еңбек және адамгершілік секілді басты құндылықтардың өзегінде тоғысқан. Қашанда елдіктің бастауы – бірлікте» деп жазды. Эстафетада хәкім Абайдың «Сәулең болса кеудеңде» өлеңін оқып, Абай шығармаларын оқу эстафетасын қоғам қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, Парламент Мәжілісі Nur Otan фракциясының төрайымы Гүлмира Исимбаева, Jas Otan жастар қанатының белсендісі, «Волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының жетекшісі Айсұлу Ерниязоваға жолдады.


https://www.instagram.com/tv/B0S7gZqF13x/?utm_source=ig_web_copy_link