170 отбасы баспаналы болды
170 отбасы баспаналы болды
©Сурет интернеттен алынды
162
оқылды
Жаңа жалдамалы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер кілттері сақтық талаптарын сақтай отырып, табысталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 170 пәтер үлестірілді. 
 – Осы жылы жоспарлап отырған алты үй. Үйдің үшеуі - жалдамалы, қалғаны несиелік тұрғын үйлер. Несиелік тұрғын үйлерді қазір қабылдап алғаннан кейін екінші деңгейлі банктермен жұмыс істейміз. Олар төлем қабілетін анықтағаннан кейін ғана кезекте тұрған азаматтарға беріледі,  – деді Талғар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Шамаев.
Жалпы қазіргі уақытта Талғар ауданында үй кезегінде 5 мыңға жуық адам тұр. Келесі жылы 9 қабатты 5 үйдің құрылысын бастау жоспарда тұр. – Көптен бері баспана алуды армандап жүрген жастың бірімін. Бүгін ақ түйенің қарны жарылып, баспаналы болып жатқан жайым бар. Кезінде осы жерде үй құрылысы жүріп жатқанда аз уақытта зәулім үйлер салынады дегенге сенбеп едім. Алланың қалауымен осы күнге де жеттім. Жаңа пәтер кілті жағдайы төмен жандарға, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жастар мен мемлекеттік қызметшілерге берілді, – дейді жас маман Жұлдыз Тимурқызы.