Қош бол, қымбат көлік!
Қош бол, қымбат көлік!
133
оқылды
Енді елі­мізде шенеуніктерге, бюджет мойнында отырған барлық компания өкілдеріне бұлардың жаңасын иеленуге 3 жылға тыйым салынды. Қар­жы министрлігі автомо­бильдер мен жиһаз сатып алуға ұзақ мораторий енгізіл­генін хабарлады. Қазіргі кезде мемлекет ел бюд­жетін үнемді жұмсауға ты­рысуда. Сәйкесінше, шығыстар мил­лиардтап қысқартылды. Ал жаңа мораторий бүкіл мемор­ганға, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, Үкіметке қа­расты кәсіпорындар және квази­мемлекеттік сектордың барлық нысандарына таралады. Бұдан былай оларға жеңіл көлік қана емес, сонымен қатар арнайы және жедел қызмет автокөлік құралдарын, кеңсе жиһазын алуға рұқсат етілмейді. «Республикалық бюджеттің параметрлері бюджет қаражатын үнемді жұмсауға бағдарлануда. 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде 532,8 миллиард теңге сомасындағы шығыс оңтайландырылды. Бұл қаражат COVID-19 індетімен кү­реске, пандемияның теріс сал­дарын болдырмауға, азаматтар мен бизнесті қолдау шараларына ба­ғыт­талды» деп мәлім етті қар­жы ведомствосының баспасөз қыз­меті. Бүгінде министрлік еліміздің жаңа үшжылдық басты қаржылық құжатын дайындауда. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шығыстары да мей­лінше ықшамдалды: жаңа баста­маларға қарастырылған шек-лимит 6,4 триллион теңгеге оңтай­­­ландырылып отыр. Қазіргі уақытта бюджет жобасы қалып­тастырылып жатыр. 3 жылғы ел бюд­жетінің шығыстарын оң­тайлан­дыру және кіріс бөлігін арттыру жөніндегі жұмыс тобы әрекет етуде.  

Елдос СЕНБАЙ