300 000 отбасы «Nur Otan» мен Тұңғыш Президент қорынан атаулы көмек алды

300 000 отбасы «Nur Otan» мен Тұңғыш Президент қорынан атаулы көмек алды

– Құрметті достар, баршаңызды ас­та­намыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған кү­німен құттықтаймын! Елбасының тап­сыр­масы бойынша #BizBirgemiz ак­ция­сы­ның төртінші кезеңі атқарылды. Елі­міздің ауылдық елді мекендеріндегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың тең­геден алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Birgemiz қорының бір­­жолғы қаржылық қо­лдауы­мен 550 мың­­нан астам отбасы қамтылды. Отбасы мүше­лерін қоса есептегенде, бұл – 2 мил­лиондай қазақстандық. Сонымен бірге тұрмысы төмен 100 мың мұқтаж от­басыға 5 миллионнан астам тегін бет­перде үлес­тірілді, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, «Nur Otan» партия­сы мен Тұңғыш Президент қоры желісі бойын­­­ша 300 мыңдай отбасы азық-түлік се­бе­тін алған. Бұл іске «Jas Otan» Жастар қа­­на­тының 5 мыңнан астам волонтері ат­са­лысқанын да тілге тиек етті. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бі­рін­­ші орынбасары сондай-ақ нұротан­дық­­тар Түркістан облысының су басқан ауыл­­дарының тұрғындарына 1 000 тонна­дан астам гуманитарлық көмек жө­нелт­ке­нін, шілде айында Достық ауылының тас­қыннан зардап шеккен тұрғындарына арнал­ған үйлер салынып біткенін атап өтіп, қазіргі кездегі сыннан да ел тұрғын­дарының жақын күндері сүрінбей өтеріне сенім білдірді. – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қа­зақ­стан халқына арналған үндеуінде атап көрсеткендей, Біз өткеріп жатқан күрделі ке­зең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын-сынақ. Сырқатпен күрестің ең ал­дыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адам­дарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Еліміздің Президенті мен Үкі­ме­ті қалыптасқан жағдайды түзету үшін қа­жетті барлық шараны қабылдауда. Алай­да көп нәрсе өзімізге байланысты. Хал­қымыз басқа түскен қиындықты өзі­нің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, бо­лашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халық­ара­лық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шыға­рына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақ­сы күндері алда. Біз біргеміз! – деді Бауыржан Байбек.  

А.ЖАСАНҰЛЫ