BIRGEMIZ: Алматы облысында 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады
BIRGEMIZ: Алматы облысында 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады
Фото: Интернеттен алынды
149
оқылды
Шара барысында Nur Otan қатарына кірген бір топ жасқа партия билеті табысталып, бір ерікті «Халық алғысы» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен облыстық партия филиалының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты. Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев: «Біргеміз» қорының атынан біздің Жетісу өңіріне 40 мыңнан астам адамға 2 миллиардтан астам қаражат төрт рет бөлінді. Бұл жерде біздің барлық қала, аудандарымыз қамтылды. Жеті санаттағы мұхтаж адамдарға тізім жасалынып, солардың барлығына аталған қаражат толығымен таратылып берілді», – деді. Талдықорғандағы облыстық ауруханаға су жаңа реаномобиль берілді. Ол, жергілікті кәсіпкерлер көмегімен алынған. Қапшағайдағы орталық ауруханаға болса, көлікпен бірге құны 8 млн теңгелік 1900 экспресс тест табысталды. Еңбекшіқазақ ауданындық ауруханасына болса 53 млн теңгелік жылжымалы зертхана сатып алынды.   https://youtu.be/KqvpDdMQ4JM